“Senim” денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы БҚО филиалы төрағасы М.Құсаинов Орал қалалық №5 емхана қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барасында емхана ұжымына кәсіподақтың биылғы атқарған жұмыстарын таныстырып, қызметкерлерге, керек болған жағдайда, мамандандырылған, құқықтық көмек көрсетендігін жеткізді. Сонмыен қатар, ҚР Президентінің бастамасымен 2022 жылы 5 маусымда елімізде өткізілгелі жатырған референдумға қатысып, өз азаматтық позицияларын білдіруді ұсынды. Бұл саяси реформа әділетті қоғам идеясы екенін алға тартып, Жаңа Қазақстан құрудағы маңызды шешім екенін жеткізді.