Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова мен “AMANAT” партиясының хатшысы Э.Жұмағазиев «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ еңбек ұжымымен кездесті.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ мұнай өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ-да еңбек ұжымының мүдделерін білдіретін «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ» ҚБ белсенді жұмыс істейді, әлеуметтік әріптестікте ұжымдық шартқа қол қойылды және әрекет етеді.
Кездесудің тақырыбы алдағы республикалық референдум, Конституциялық реформаның бағыттары, ҚР Конституциясына ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулардың мәні және олардың әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлі туралы болды. Еңбек ұжымының қызметкерлеріне ҚР Конституциясының 33-бабына 56 түзетуден тұратын конституциялық реформаның бағыттары, оның ішінде Парламент пен оның палаталарының рөлі мен мәртебесін арттыруға, ҚР Конституциясында жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екендігі туралы норманы бекітуге бағытталған бағыттары түсіндірілді.
Түсіндіру кездесуі барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды тікелей қоюға, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына қатысты өз ойларымен және ұстанымдарымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Кездесуде жұмысшылардың бірі еңбек құқығы туралы сұрақ қойды.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған ҚР Конституциясының 24-бабы 1-тармағының қолданыстағы редакциясында «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар.
Мәжбүрлі еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі». 24-бапқа енгізілетін түзету бойынша «Мәжбүрлі еңбекке қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға кінәлі деп тану туралы сот актісінің негізінде не төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» деп баяндай отырып, 24-баптың 1-тармағының бөлігін өзгерту ұсынылады. Осылайша, мәжбүрлі еңбекке қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде ғана емес, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық негізінде де жол беру ұсынылады.
Еңбек ұжымының әрбір мүшесі үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың түсінікті түсіндірмелерін алғаннан кейін, кездесуге қатысушылар алдағы референдумға өз қолдауын және өздерінің сайлау учаскелерінде дауыс беруге жеке қатысуға ниет білдірді.