Еңбек ұжымдары референдум тақырыбын талқылауда

“AMANAT” партиясының хатшысы Е.Жұмағазиев «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Кездесуге Павлодар облысы  аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау жөніндегі облыстық партия штабы басшысының орынбасары Д.Айтжанова қатысты.

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ Қазақстанның жаңа тарихындағы алғашқы ірі өнеркәсіптік жобалардың бірі болып табылады. Зауыт бастапқы алюминийдің алғашқы және жалғыз отандық өндірушісі болып табылады.

Кездесуде әңгіме алдағы 2022 жылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдум, алдағы конституциялық реформаның мәні мен маңыздылығы, ҚР Конституциясына ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар туралы болды.

Кездесуге қатысушылар жалпыұлттық референдумның өткізілуін қолдап, дауыс беру күні жоғары белсенділік танытатынына сенім білдірді.