Бүгінде жалпыхалықтық Референдум өткізілетін күнге аз уақыт қалды. Осы орайда Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың мүшесі, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қалалық емханасының бастауыш кәсіподақ ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуде Ата Заңға енгізілген өзгерістер жайы талқыланып, еліміздегі саяси жүйені жаңғырту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Бердіғали Өмірәлі қатысушылардың Референдум төңірегіндегі сауалдарына жауап беріп, ой-пікірлерін тыңдап, еліміздің әрбір азаматының алдағы Референдумға қатысуының мәні ерекше екенін атап өтті. Осы ретте ел өміріне елеулі өзгеріс әкелетін тарихи шешім қабылданар тұста барша қатысушыларды алдағы 5 маусымда өтетін Референдумға белсене қатысуға шақырды.
Кездесуге келген қатысушылар жалпыхалықтық Референдум өтуіне қолдау білдіретіндіктерін айтып, алдағы саяси науқанға қатысатындықтарын жеткізді.