Түркістанда Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.


Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу мәселелері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарында алдағы Реферундумның маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу және ол туралы мәліметтер беру, «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай іс-шаралар ұйымдастыру, “Еңбек адамын ұлықтау” жыл сайынғы республикалық медиа-конкурсын өткізу және жергілікті БАҚ пен кәсіподақтың әлеуметтік желілері арқылы өткізу туралы ақпаратты тарату сынды мәселелер қаралды.

Кеңесте «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша алдағы уақытта аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде атқарылатын жұмыстары туралы талқылап, оны орындау мақсатында кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен “Еңбек адамын ұлықтау” республикалық медиа байқауы бойынша жұмысты жандандыру мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері бұл ұсынысты толық қолдап, бірауыздан мақұлдады.