Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында референдум тақырыбы талқылануда

Референдум төңірегінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстырын жүргізу мақсатында «Түркістан облыстық агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Ермек Балтаев Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі ММ-не арнайы барып, кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өрбіді.


Жиын барысында Ермек Тілеуұлы Референдум туралы түсініктеме беріп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, олармен пікір алмасып, саяси науқанда белсенді болып жалпыхалықтық Референдумға қатысуға шақырды.

Ұжым қызметкерлері елдің саяси өміріндегі өзгерістерден үлкен үміт күтіп отырғандарын жеткізіп, 5 маусым күні өз таңдауларын білдіретіндіктерін жеткізді.