Референдум бойынша түсіндірме жүргізу мақсатында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Қасымбек Хаметов Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің “Мейірім-Шапағат” күндіз болу орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қасымбек Хаметов Президенттің жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі бойынша 2022 жылдың 5 маусымында Республикалық Референдум өтетінін және қандай баптарға өзгертулер енгізілгелі тұрғанын кең көлемде түсіндіріп, қойған сауалдарына жауап беріп, қатысушылармен пікір алмасып, Қазақстанның болашағын айқындайтын елдегі саяси оқиғадан тыс қалмай жалпыхалықтық Референдумға біркісідей қатысуға шақырды.
Өз кезегінде қатысушылар елдің жарқын болашағы үшін жасалынып жатқан тарихи сәтте белсенділік танытып, біркісідей атсалысатындықтарын жеткізді.