Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып

Алдағы 5 маусымда өтетін жалпыхалықтық Референдумның маңыздылығын насихаттау мақсатында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Қасымбек Хаметов Мақтаарал ауданының Халықты жұмыспен қамту орталығының бастауыш кәсіподақ ұжымымен кездесу өткізді.


Бас қосуда Қасымбек Хаметов Мемлекет басшысының Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі бастамасын қызу талқыға салып, еліміздегі болып жатқан маңызды саяси оқиғада Референдумның маңыздылығына тоқталып, өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ, жиын соңында еліміздің болашағы үшін тарихи бетбұрысқа бастайтын маңызды шарада азаматтық белсенділік танытып, алдағы 5 маусым күнгі жалпыхалықтық Референдумға бірауыздан қатысуға шақырды.