Қазақстан Республикасы Президенті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауына орай, 1 Маусым «Халықаралық балаларды қорғау күніне» «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалымен және Облыс көлеміндегі медициналық ұжымдардың 43 бастауыш кәсіподақ ұйымдары «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық-бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз» атты ұранмен 14 300 000 теңге көлемінде ауқымды іс-шараларды өткізді.
Іс-шаралар бағдарламасына сәйкес 5-18 жас аралығындағы мүгедек балаларды күтім жасап отырған медицина мамандарына қайырымдылық сертификаттар табысталып, мүгедек балаларға арнап көлемді ойыншықтар, анимациялық көрсетілімдерімен тәтті тағамдар ұйымдастырылып, қуанышқа бөледі. Балалардың сыңғырлаған күлкісі, қуанышты қимылдары көрермендерді ерекше тебірентті.