Үшжақты комиссия еңбек қатынастары мәселелерін қарастырды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облысының үшжақты комиссиясының кезекті отырысында «Облыс кәсіпорындарында салауатты жұмыс орындарын қолдауға бағытталған корпоративтік әлеуметтік бағдарламаларды енгізу туралы», «2021-2023 жылдарға арналған Бұқар жырау аудандық үшжақты Келісімнің іске асырылу барысын бақылауды ұйымдастыру туралы және аймақтың өнеркәсіптік кәсіпорындарында әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу шаралары» мәселелері қаралды.


Облыстық үшжақты комиссия мүшелері «Қорғау» көміршілер кәсіподақтарының және «Жақтау» металлургтерінің сауығуды ұйымдастыруды сапалы жақсарту, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметкерлері үшін кәсіби аурудың алдын алу және оңалту қажеттілігі бойынша өтініштерін қолдады.

Екінші мәселе бойынша, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының жұмыс тобына алдын ала жүгінуі барысында облыстық үшжақты комиссия мүшелері тарапқа Жұмыс берушінің (жер қойнауын пайдаланушылардың) өкілдері мен Бұқар жырау аудандық үшжақты комиссия мүшелеріне кәсіподақ ұйымдарына өңірдегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құруға бағытталған іс-шараларды өткізуде көмек көрсетуді ұсынды.

Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек қалалық және аудандық үшжақты комиссиялардың жұмысындағы кемшіліктерді атап өтіп, еңбек адамының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде нақты әлеуметтік әріптестікті дамыту, сондай-ақ еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу және оны шешу мәселелерінде нақты міндеттер қойды. Әлеуметтік-экономикалық сипаттағы барлық мәселелерді ай сайын жұмыс топтарының өңірлік отырыстарында және әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияларда қарау ұсынылды.