«Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауы туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже
1.1. «Еңбек адамын ұлықтау» республикалық медиа-байқауының (бұдан әрі – Байқау) құрылтайшысы және ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі – Федерация) болып табылады.
1.2. Байқау БАҚ, штатта және штаттан тыс жұмыс істейтін журналистер арасында өткізіледі.
1.3. Байқауды өткізу кезеңі Федерацияның сайтында Федерацияның Атқару комитетінің Байқауды өткізу туралы қаулысы жарияланған күннен бастап күнтізбелік жылдың 1 қазанына дейін (қоса алғанда) дейін болады.
1.4. Байқау аясында хабарландырулар мен басқа да ресми ақпараттарды орналастырудың ресми құралы ҚРКФ интернет-ресурсы — https://kasipodaq.kz/ болып табылады.
2. Байқаудың мақсаттары мен міндеттері
2.1. Байқаудың мақсаты – кәсіподақтардың жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмысшы кәсібінің беделін арттыру және лайықты еңбек қағидаттарын алға бастыру жөніндегі қызметін кеңінен насихаттау.
2.2. Байқаудың міндеттері:
— елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын дамытудағы Еңбек адамының рөлін насихаттау және өзектендіру;
— бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік-еңбек мәселелерін дамытуды ынталандыру;
— кәсіподақтардың оң имиджін қалыптастыру;
— Федерацияның және оған мүше ұйымдардың қызметін танымал ету;
— журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіподақтардың қызметін жан-жақты және объективті жариялауға деген ынтасын арттыру;
— журналистердің кәсіподақ тақырыптарын және жұмыскерлердің еңбек өмірін жарыққа шығарудағы шығармашылық әлеуетін ашу, кәсіподақ белсенділерін корреспонденттік қызметке тарту.

3. Байқау номинациялары
3.1. «Үздік журналист» – Байқаудың есепті кезеңінде БАҚ басылымдарында жарияланған, кәсіподақтардың тақырыптарын барынша белсенді, объективті және әртүрлі қамтитын материалдар үшін.
3.2. «Үздік ақпараттық әріптес» – Байқаудың есепті кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялаған кәсіподақ қызметін жүзеге асыруға едәуір үлес қосқан автордың жарияланымдары үшін.
3.3. «Үздік фотообъектив» – Байқаудың есеп беру кезеңіндегі жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша кәсіподақтардың қызметін айқын және бейнелі түрде бейнелейтін фотосуреттер үшін.
3.4. «Кәсіподақтардың үздік ақпараттық ресурсы» – кірушілер саны жоғары және байқаудың есепті кезеңінде кәсіподақ қозғалысына деген сенімділіктің өсуіне ықпал ететін кәсіподақ сайты үшін, әлеуметтік желідегі парақ үшін.
3.5. «Кәсіподақтың үздік баспасөз қызметі» – Байқаудың есепті кезеңінде кәсіподақ қызметін жариялауда ең жақсы нәтиже көрсеткен Федерацияның мүше ұйымының баспасөз қызметінің жұмысы үшін.

4. Байқауға қатысушылар
4.1. Байқауға кез-келген деңгейдегі БАҚ журналистері, тәуелсіз журналистер, Федерацияның мүше ұйымдарының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі қызметкерлері, фотографтар, блогерлер, сондай-ақ агенттіктер мен коммерциялық емес ұйымдар қатыса алады.
4.2. «Кәсіподақтың үздік баспасөз қызметі», «Кәсіподақтардың үздік әлеуметтік аккаунты» номинациялары бойынша тек Федерацияның мүше ұйымдарының құрамына кіретін кез-келген деңгейдегі кәсіподақтың бұқаралық ақпарат құралдары мен кәсіподақ ұйымдары қатыса алады.
4.3. ҚРКФ салалық кәсіподақтары Байқауға қатысу үшін үміткер ұсынуға құқылы.
4.4. ҚРКФ медиа орталығы байқауға қатысу үшін номинацияларға ақпараттық және журналистік материалдардың авторларын ұсынуға құқылы.
4.5. Байқау шарттары қатысушылардың өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін де қарастырады.

5. Материалдарға қойылатын талаптар
5.1. Байқауға Байқаудың есепті кезеңінде БАҚ-та жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.
5.2. Байқау жұмыстары әртүрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақалалар, теледидар мен радиохабарлары, әлеуметтік зерттеулер және басқалар.
5.3. Байқау материалдарында көрсетілген негізгі тақырыптар:
— кәсіподақтар – еңбек қатынастарының негізгі элементі;
— Федерация мен оған мүше ұйымдардың қызметі;
— лайықты еңбек;
— әлеуметтік әріптестік;
— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау;
— еңбек нарығы және жұмыспен қамту;
— құқық қорғау қызметі;
— Еңбек адамының сипаты;
— жұмысшы кәсіптерін өзектендіру;
— бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы;
— кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру;
— кәсіподақтардағы жастар саясаты, гендерлік саясат.
5.4. Кәсіподақтың сайттары мен әлеуметтік желілердегі парақтары үшін критерийлер:
— мазмұны (әртүрлі саладағы кәсіподақтардың қызметін қамтитын әртүрлі айдарлардың, ресми құжаттардың, жаңалықтардың, заңгерлік кеңестердің болуы);
— аудитория тарапынан сұраныста болуы (қатысушылардың саны, жазылушылар саны, қаралымдардың, репосттардың, рейтингтердің немесе пікірлердің едәуір санының болуы);
— жарияланым белсенділігінің тұрақтылығы;
— дизайнның өзіндік ерекшелігі (заманауи).
5.5. Фотосуреттер үшін критерийлер:
— әр қатысушыдан 5-ке дейін кәсіби фотосуреттер;
— Байқаудың есепті кезеңінде жасалған;
— ажыратымдылығы 5760х3840 пикселден кем емес;
Графикалық редакторларды қолданатын коллаждар қабылданбайды.
Фотографиялық жұмыстардың авторлары Федерацияға фотосуреттерді алдын-ала ескертусіз және ешқандай ақы төлемей коммерциялық емес пайдалану құқығын береді. Федерацияның іс-шаралары аясында жариялау немесе көрмеге қою кезінде Байқауға арналған фотосуреттерге түскен адамдардан шағымдар түскен жағдайда фотосуреттердің авторлары жауап береді.

6. Байқауға қатысуға өтінімдер беру және қабылдау тәртібі
6.1. Қатысу үшін өтінімді Ереженің №1 қосымшасына сәйкес толтыру қажет.
6.2. Байқауға өтінімдер байқау жылының 1 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) электронды түрде қабылданады. Байқауға берілген сілтемелер функционалды және тіркеусіз қолжетімді болуы керек, Байқауға қатысушылардың байланыс ақпараты өзекті болуы керек.
6.3. Қарастыруға 2022 жылдың 1 мамырынан 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін эфирге шыққан немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған байқау жұмыстары қабылданады.
6.4. Жұмыстарды жіберуге арналған электронды мекен-жай: kasipodaq_press@mail.ru
Жұмыстарды жіберуге арналған пошталық мекен-жай: Нұр-Сұлтан қ., Абай даңғылы, 38 үй, 105 кеңсе.
6.5. Қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

7. Авторлық құқық
Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқығын сақтау үшін жауапкершілік осы жұмысты байқауға жіберген қатысушыға жүктеледі.
Байқауға материалдар жібере отырып, автор өзі жіберген материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда жариялау, көрмелер, БАҚ-та Байқау жарнамаларында, әлеуметтік жарнамада Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес авторлық сыйақы төлемей пайдалануға келісімін растайды.
Қатысушылардың фотосуреттерін сайтта және Федерацияның және оған мүше ұйымдардың әлеуметтік желілерінде орналастыру үшін пайдалануға болады.

8. Байқау комиссиясы
8.1. Байқау комиссиясының құрамы ҚРКФ Бас кеңесінің Ақпараттық саясат жөніндегі комиссиясының мүшелерінен құрылады және Федерация Атқару комитетінің қаулысымен бекітіледі. Байқау комиссиясын Кәсіподақтар федерациясы төрағасының ақпараттық жұмыс жөніндегі орынбасары басқарады.
8.2. Байқау комиссиясы:
— осы Байқау туралы ереженің талаптарына сәйкес келмеу негізінде қатысушының Байқауға қатысуға өтінімін қабылдамауға;
— қажет болған жағдайда номинациялар санына, ақшалай сыйлықтар санына, бағалы сыйлықтардың саны мен нұсқаларына өзгерістер енгізуге;
— Байқау комиссиясының мүшелері өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын анықтаған жағдайда, кез келген кезеңде Байқаудың нәтижелерін жоюға құқылы.
8.3. Байқау комиссиясы:
— барлық Байқауға катысушылар үшін бірдей жағдай жасауға;
— Байқаудың жариялылығын қамтамасыз етуге;
— Байқау нәтижелері туралы ақпаратты мерзімінен бұрын жариялауға жол бермеуге міндетті.
8.4. Байқау комиссиясы өз жұмысына тәуелсіз консультанттар мен сарапшыларды тарта алады, сонымен қатар өтініш берушілерден қосымша материалдар сұрай алады.
8.5. Байқау жеңімпаздары Байқау комиссиясы мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады.

9. Байқау нәтижесін шығару
9.1. Байқау жұмыстарын бағалау кезінде объективтілік, материалды ұсынудың кәсіби деңгейі, жаңашылдығы, эксклюзивтілігі, стилі, баяндау тілі, автор тұжырымдамасының тәуелсіздігі, ақпараттың дәлдігі мен сенімділігі, журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі ескеріледі.
9.2. Байқауға келіп түскен өтінімдерді алдын ала іріктеуді Федерацияның медиа орталығы жүргізеді.
Алдын ала іріктеу нәтижесінде келесі өтінімдер алынып тасталады:
— Байқау шарттарына сәйкес келмейтін;
— Байқау тақырыбына сәйкес келмейтін;
— ҚР Заңнамасын бұзатын;
— басқа адамдардың заңды құқықтарын бұзатын.
Алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша Медиа орталық әр номинация бойынша үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады және оларды Байқау комиссиясына ұсынады.
9.3. Байқау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға, дипломдарды және жеңімпаздарды марапаттаудың басқа түрлерін әзірлеуге және шығаруға, байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін дайындауға және өткізуге Федерацияның медиа орталығы жауапты.

10. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
10.1. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі күнтізбелік жылдың 10 қазанынан кешіктірілмей өткізіледі.
10.2. Ақшалай сыйлықтар бөлу, бағалы сыйлықтар алу, Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізу Федерация мен оның мүше ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
10.3. Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес әр номинацияда осы Ереженің №3 қосымшасына сәйкес дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын Байқаудың жеңімпаздары анықталады.
10.4. Байқаудың барлық номинанттары арнайы дипломдармен марапатталады.
10.5. Байқау комиссиясы Байқау жұмыстары Байқау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жүлделі орындарды тағайындамауға құқылы.
10.6. Федерация қосымша арнайы сыйлықтар тағайындау құқығын өзіне қалдырады.
10.7. Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысуға арналған барлық шығыстарды (жол, тұру, тамақтану, басқа шығындар) қатысушылар мен олардың өкілдері өздері көтереді.


Республикалық медиа-байқау туралы Ережеге № 1 Қосымша

Байқауға қатысуға өтінім

Тегі: ___________________________________________
Аты: _______________________________________________
Әкесінің аты: ___________________________________________
Туған күні: ______________________________________
Білімі: ________________________________________
Жұмыс орны: _______________________________________
Номинация: ___________________________________________
Материалдың атауы: __________________________________
Гиперсілтеме (тікелей сілтеме) жарияланған материалға (электронды басылым жағдайында):
____________________________________________________
Электрондық пошта: ___________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________
Пошталық мекенжай: ______________________________________

Қол қойылған күн


Республикалық медиа-байқау туралы Ережеге № 2 Қосымша

Байқау комиссиясы отырысы хаттамасының үлгісі

Қарау күні ________________________
Қарау орны _______________________
Байқау комиссияның құрамы:
___________________________,
___________________________,
___________________________,
___________________________,
___________________________,
___________________________,
___________________________,
___________________________,
___________________________,
___________________________.

Байқауға қатысушының толық аты-жөні, атауы, байқау жұмысының қысқаша сипаттамасы ___________________________________________________________ ___________________________________________________________
Байқау қатысушысы үмітті номинация: ___________________________________________________________
Байқау жұмысын бағалау параметрлері:

Критерийлер
Бағалау
(10 балдық шкала бойынша)

өзектілігі

объективтілік

материалды ұсынудың кәсіби деңгейі

эксклюзивтілік

баяндау стилі мен тілі

авторлық тұжырымдаманың тәуелсіздігі

ақпараттың нақтылығы мен сенімділігі

журналистиканың этикалық қағидаларын сақтау

Байқау комиссиясының шешімі:
– ____________ номинациясы бойынша байқауға қатысушыны ұсыну

Байқау комиссиясы мүшелерінің қолдары:
Төраға ______________ Т.А.Ә.
Мүшелер:
1) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
2) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
3) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
4) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
5) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
6) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
7) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
8) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
9) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
10) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
11) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
12) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
13) ___________ Т.А.Ә. (___________________)
14) ___________ Т.А.Ә. (___________________)

Байқау комиссияның хатшысы:

___________ Т.А.Ә. (___________________)


Республикалық медиа-байқау туралы Ережеге № 3 Қосымша

Байқаудың жүлде қоры
№ Номинацияның атауы, жүлделі орын
1 «Үздік жыл журналисі»
2 «Үздік жыл блогері»
3 «Үздік жыл фотообъективі»
4 «Кәсіподақтардың үздік әлеуметтік аккаунты»

5 «Үздік кәсіподақ баспасөз қызметі»