Білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Есқалиева «Білім беру ісінің үздігі» ардагер ұстаз Сарсенкүл Дүйсенбайқызымен кездесіп, мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтады.
Сарсенкүл Дүйсенбайқызы – 1959-1969 жылдары №129 Қызыл ту орта мектебін бітіріп, 1969-1974 жылдары Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтын биология пәні бойынша тәмәмдаған. 1974-1996 жылдары №1 кәсіптік лицейде 22 жыл абыройлы қызмет атқарған. Кәсіптік лицейде Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы бола жүріп қызметкерлер мен жас мамандардың әлеуметтік мәселелерінің дұрыс шешім табуына ықпал жасаған. Қазіргі сәтте бақытты ана 14 немеренің асыл әжесі атанып, бейнетінің зейнетін көруде. Немерелері білім алып жатқан №144 С.Әлжіков атындағы мектептің ата-аналар комитетінің белді мүшесі.
Кездесу барысында барша білім саласы қызметкерлері атынан мемлекетіміздің кемел келешегі мен баянды болашағы, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, шәкірт бойына жақсы қасиеттерді дарытудағы еңбегі үшін алғысын жеткізіп, арнайы сый-сияпат табыс етті.