Кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау, еңбек шартын, әлеуметтік жағдайын, жұмыс беруші мен қызметшілердің арасындағы қарама-қайшылықты реттеу мақсатында Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Түлкібас аудандық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымында арнайы жиын өтті.
Жиында еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелер сараланып, еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек қауіпсіздігін қадағалау және басқа да еңбек жағдайына байланысты атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланды.
Сонымен қатар өз кезегінде сөз алған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Жусипов өз сөзінде 80 мүшесі бар ұжымдағы атқарылған игілікті істерді баяндай отырып, осы маңызды міндеттерді мүлтіксіз орындауға белсене атсалысу керектігін атап көрсетті.
Кездесу соңында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.