Медицина қызметкерлері күніне орай әрбір медициналық мекемеде медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ардагерлеріне жылы лебіздер, құрмет пен шынайы алғыс сөздер айтылды.
Осы орайда кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен ШЖҚ «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» КМК реанимациялық бөлімшесінің меңгерушісі К.Арғынов, ШЖҚ «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМК жалпы терапиялық бөлімшесінің меңгерушісі Г.Серікбаева, «ҚР ДСМ СКЭК Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Екібастұз қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ бас маманы Г.Макенова және «Ажар» ЖШС медбикесі М.Курмисинова марапатталды.