Қарағанды білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің балаларына арналған “Жадыралы жаз – 2022” қайырымдылық акциясын өткізді, оған облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Алмагүл Рақышева, педагогикалық еңбек ардагерлері, балалардың шығармашылық ұжымдары, облыс, қалалар мен аудандардың балалары мен олардың ата-аналары қатысты.
Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы дәстүрлі түрде бос уақытты ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, Білім және ғылым қызметкерлерінің балаларын сауықтыруға көңіл бөледі. Жазғы кезеңде мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде, демалыс аймақтарында демалыс ұйымдастырылды. Өткізілген қайырымдылық акциясы аясында Білім және ғылым қызметкерлерінің өнерлерімен көзге түскен, байқаулардың, спорттық жарыстардың, олимпиадалардың жеңімпаздарына, оқу үздіктеріне мектеп жанындағы балаларды сауықтыру лагерьлеріне, қала сыртындағы “Орленок” лагеріне 65 балаға тегін жолдамалар берілді.
Қала сыртындағы “Орленок” демалыс лагерінде балаларды шынықтыру, витаминдеу, мәдени-бұқаралық, спорттық жұмыстар ұйымдастырылады.
Өскелең ұрпақты отбасында тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін ата-ана-педагогтарға облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаттары табыс етілді. Акцияға қатысушылар алдында “Оқушылар сарайының” тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.
Акция соңында қатысушылар көңілді қойылымдар, ойындар, ертегі кейіпкерлерінің тосын сыйларын тамашалап, тәтті сыйлықтарға ие болды.