Мемлекеттік қызметшілер арасында аймақтық спартакиада өтті

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың марапаттау рәсіміне қатысты.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 1000-ға жуық мемлекеттік қызметшілер арасында 09-11 және 18-19 маусым күндері спорттың 12 түрінен өткен облыстық спартакиада өз мәресіне жетіп, қорытындыланды.

Жалпы командалық ІІІ жүлделі орынға Батыс Қазақстан облыстық əкімдігі, ІІ орынға Бөрлі ауданы əкімдігі, І орынға Ақжайық ауданы əкімдігі ие болды.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен облыстық кәсіподақ ұйымының Атқару комитетінің атынан спартакиаданың 195 жеңімпаздары мен жүлделі орын иегерлерін грамоталармен, сыйлықтармен марапаттады.