“Еңбеккер бейнесінде” – мемлекеттік қызметші

Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет. Ол – парыз, адамшылық борыш, халықтың  сеніміне  ие болу.

Халыққа адал, кәсіби қызмет көрсетіп, мемлекеттік  қызметтің  беделін  көтеріп, қоғамда  өзгелерге  үлгі  болып жүрген  тұлғалардың  бірі – Қасымбек  Тұрсынбайұлы  Хаметов.

Қасымбек Тұрсынбайұлы 1952 жылы  Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Абай атындағы (бұрынғы Молотов атындағы) колхозында туылған.

Орта мектепті аяқтағаннан соң, Ленин орденді Мақтаарал совхоз-техникумының агрономия факультетін, Ғ.Ғұлан атындағы Сырдария мемлекеттік пединституттың  орыс тіл және әдебиет  факультетін, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің  құқықтану  факультетін  аяқтаған. Білімі жоғары: агроном, педагог, заңгер, Мақтаарал ауданы бойынша кәсіби медиатор.

Қасымбек Хаметов еңбек жолын 1975 жылы Жетісай ауданы Аманкелді атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған.

1977-1998 жылдары арасында: Жетісай аудандық комсомол комитетінде – нұсқаушы, Мақтаарал ауданы Абай атындағы колхозда кәсіподақ комитетінің, “Жаңа жол” совхозында жұмысшылар комитетінің төрағасы, Махтаарал аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, Абай атындағы колхозының төрағасы, Махтаарал аудандық көпсалалы коммуналдық кәсіпорының директоры, «Казтексэкспорт» сыртқы экономикалық акционерлік қоғамының бас директоры болып еңбек етті.

1998-2012 жылдары Жетісай ауданы әкімінің орынбасары, Мырзакент кентінің әкімі, Махтаарал ауданының әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат хатшысы, Махтаарал ауданының әкімі қызметін абыроймен атқарды.

Қасымбек  Хаметов еңбек жолында Махтаарал ауданы еңбекшілері аудандық кенесінің, аудандық халық депутаттарының депутаты, Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихат-депутаттар жиналысының депутаты және Махтаарал ауданы маслихатының депутаты болып сайланды.

Сонымен қатар, 2000-2012 жылдары Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикаларының шекарасын делимитациялау және деморкациялау жөніндегі Үкімет аралық комиссияның мүшесі қызметтерін қоса  атқарған.

Қасымбек Хаметов Қазақстан Республикасының «Құрметті жерге орналастырушысы»,  Мақтаарал ауданының «Құрметті азаматы» және Қазақстан Республикасының  мемлекеттік «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен 8-мерекелік медальдармен марапатталған.

2019 жылдан  қазіргі  уақытқа дейін «Қызмет» салалық кәсіподағының  Мақтаарал  аудандық комитетінің   төрағасы  қызметін атқарып  келеді.

«Қызмет» салалық кәсіподақ комитетінің «Мемлекеттік  қызметкерлер  кәсіподағының  үздігі» төс  белгісінің  иегері.

«Мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсауы керек. Халық мемлекеттік  қызметшіге  өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Сондықтан мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезінуі тиіс»,-дейді Қасымбек Хаметов.