«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының өкілдері Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімдігінің кәсіподақ мүшелерінің жағдайымен танысты.
Кездесуге филиал төрағасы Серік Әуесханов және жұмыс беруші – аудан әкімі Досбол Есілбек қатысты.
Еңбекші ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жылы 1 қыркүйекте ашылып, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамына мүшелік ұйым болып кірген. Мекемеде жұмыс жасайтын 37 адам кәсіподақ мүшелігінде. Жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының арасында жыл басында бес жылға арналған ұжымдық шарт жасалған және ол еңбек инспекциясында тіркелген.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов әкімдік ұжымын «23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай құттықтап, мемлекеттік қызметтегі және кәсіподақтағы белсенділіктері үшін кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Сыдықов, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Еңбекші ауданы әкімі аппаратының Жұлдыз аумағы бойынша халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Сейдулла Ибишев және «Алғыс хатымен» ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы Самат Жүнісбаев Самат марапатталды.
Жиын соңында аудан әкімі Досбол Есілбек өзінің ізгі лебізінде мерекемен құттықтап, кәсіподаққа шынайы алғысын білдірді.