Еңбек адамы бейнесінде – сүйікті дәрігер

 Тен Светлана Владимировна – денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары білікті дәрігер, еңбек жолында 29 мыңнан астам науқастарды емдеген маман. Көпшіліктің сүйікті дәрігеріне айналған Светлана Тенды тіпті шет елдерден де науқастар іздеп келеді.

Ол 1983 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1984 – 1986 жылдар аралығында бұрынғы «Фосфор» ауруханасында терапия мамандығы бойынша интернатурадан өткен.

1986-1993 жылдар аралығында терапия бөлімінің терапевт дәрігері, 1993 жылдан бастап №2 қалалық ауруханасында ревматолог, 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ревматология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда.

Светлана Владимировна Оңтүстік өңіріне танымал маман, білікті маманның қызметіне көршілес облыстардан тұрғындар медициналық кеңес алу үшін де арнайы келеді. Үнемі өз біліктілігін жетілдіріп отырады. Жоғары санатты ревматолог. 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Өз жұмысына тиянақты, алғыр, білікті басшы. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады және үлкен жауапкершілікпен қарайды. Ұжым арасында сыйлы. Корпоративтік әдепті ұстанады, қиын сәттерде  оңтайлы шешімдерді қабылдай алады, іскерлік ынтымақтастыққа дайын.

Бүгінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс ревматолог маманы болып қызмет атқаруда.