Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова «ҚазТрансОйл» АҚ Оңтүстік-Шығыс құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұжымымен кездесті.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Н.Пфейфер кәсіподақ ұйымының еңбек адамы үшін қызметінің басым бағыттары, жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі Ұжымдық шарттың орындалуы туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар кәсіподақ қозғалысын дамыту мәселелерін талқылады.