Құрметті еңбек демалысына шығарып салды

«Астана су арнасы» кәсіпорны кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұрат Сағандықұлы Темірболатовты құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

Оған кәсіпорынның бас директоры Табиғат Зейнұлқабден, «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова және ұжым мүшелері қатысты.

Ең алдымен «Астана су арнасының» кәсіподақ комитеті 5 жылдық жұмыс кезеңі үшін ұжымға есеп берді.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұрат Темірболатов осы уақыт ішінде ұжымдық шартқа сәйкес ақшалай төлемдерді беру ретке келтірілгенін және жеделдетілгенін айтты.

Атап айтқанда, медициналық көрсеткіштер бойынша аса мұқтаж қызметкерлерге материалдық көмек көрсетілді, жұмыс өтіліне байланысты қызметкерлерге курорттық-санаторийлік емделуге жұмсалған шығындар ішінара өтелді, жақын туыстарын жерлеуге дереу материалдық көмек көрсетілді, сыйлық ретінде қызметкерлерге бірінші некеге тұруға және бірінші баланың тууына ақшалай сыйақылар табыс етілді.

Сондай-ақ, М. Темірболатов аз қамтылған қызметкерлерге материалдық көмек жылына екі рет берілетінін айтты.

Бес жыл ішінде кәсіпорынның спорттық өмірінде орасан зор жұмыс жүргізілді. 2018 жылы кәсіпорын аумағында ашық спорт алаңы салынды, сондай-ақ қызметкерлерді күнделікті жаттықтыруға арналған жаңа тренажерлармен жабдықталған тренажер залы бар. Ал әкімшілік кеңсе қызметкерлері үшін аптасына үш рет йога сабақтары өткізіледі. Мұның бәрі қызметкерлерге тегін.

Жиында кәсіпорынның бас директоры Табиғат Зейнұлқабден ұжымның атынан Мұрат Темірболатовқа қол жеткізген еңбек жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі және көп жылғы адал еңбегі үшін естелік сыйлық табыс етті.

«Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Астана» қалалық филиалының төрайымы Тілеулес Мадьярова «Кәсіподақ комитетіне қосқан ерекше үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар, жиында кәсіподақ комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып «Астана су арнасы» МКК өткізу қызметінің басшысы Бектасова Күмісжан Қуанышбекқызы бірауыздан сайланды.