Сатыбалды Дәулеталин: «Жаңа Қазақстанда әділетті экономика қажет»

11-12 шілдеде Алматыда Қазақстан кәсіподақтары үшін «Еңбек саласындағы халықаралық стандарттарды ратиикациялауды және қолдануды алға бастыруда, сондай-ақ ХЕҰ бақылау тетіктерін ратификацияланған стандарттарды қолдануда тиімді пайдалануда әлеуметтік диалог пен кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында екі күндік семинар өтті.

Семинарды Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен және Қазақстан Еңбек Конфедерациясымен бірлесіп, халықаралық нормаларды ұлттық деңгейде ратификациялауға одан әрі ықпал ету мақсатында кәсіподақ қоғамдастығымен зерделеу мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушыларды қарсы алған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласына халықаралық стандарттарды енгізудің маңыздылығына тоқталды.

«Бас келісімде біз ХЕҰ-ның 20-дан астам конвенциясын, соның ішінде «Дамушы елдерді ерекше ескеру арқылы ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» №131 конвенцияны ратификациялауға қатысты бірқатар мәселелерді көрсеттік. Біз қазір жұмыс тобының аясында осымен жұмыс істеп жатырмыз», – деді ҚРКФ төрағасы.

Сатыбалды Дәулеталин әлеуметтік-еңбек саласының өзекті мәселелеріне тоқталып, әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру, еңбек заңнамасын жақсарту және еңбеккерлердің әл-ауқатын арттыру қажеттігін айтты.

Осы мәселелерді шешуде кәсіподақ бірлігінің маңыздылығына тоқталды.

«Алғаш рет екі республикалық кәсіподақтар бірлестігімен бірлесіп, Бас келісім жобасын әзірлеп, әлеуметтік әріптестер алдында өз ұстанымымызды бірге қорғадық. Бас келісімде біз әлеуметтік әріптестікті дамыту нормаларын көрсеттік. Дегенмен, олар бүгінде толық жұмыс істейді деп айту мүмкін емес. Өкінішке қарай, әлеуметтік әріптестік барлық бағытта пысықталмаған және тығырыққа тірелген. Бүгінгі күні республикалық деңгейде біз келіссөз жүргізе алатын жұмыс берушілер бірлестігі іс жүзінде жоқ. Олар әртүрлі бірлестіктермен ұсынылған, бірақ соған қарамастан олар барлық жұмыс берушілерді қамтымайды. Негізінен келіссөздер жергілікті деңгейде – жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында жүргізіледі», – деді Сатыбалды Дәулеталин.

Бұл ретте ҚРКФ төрағасы «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заң осы бағыттағы маңызды қадамға айналуға арналғанын, оның қабылдануы барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия туралы ережелерді қайта қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлеуметтік әріптестік тақырыбын жалғастырған Сатыбалды Дәулеталин ұжымдық шарттық реттеу жүйесін және жұмыскерлерге әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін қамтамасыз ету сапасын жақсартудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ұжымдық шарттарды сараптау және мазмұнымен толтыру мәселелері ерекше маңызға ие.

«Біз салалық аймақтық келісімдерге талдау жасадық. Өкінішке қарай, көп жағдайда олар декларативті болып табылады. Біздің елімізде 145 мыңнан астам ұжымдық шарт бар. Бұл ретте кәсіподағы бар ұйымдарда бар болғаны 30 мыңға жуық ұжымдық шарт жасалған. Біз 100 мыңнан астам ұжымдық шартты кім жасайтынын, олардың мазмұны қандай және бүгінгі күні шын мәнінде қалай жұмыс істеп жатқанын білмейміз», – деді ҚРКФ төрағасы.

Қазақстан Еңбек Конфедерациясының Бас хатшысы Мұрат Мәшкенов өз сөзінде Бас келісім бойынша кәсіподақтардың бірлескен жұмысы тақырыбын жалғастырды.

«Осы кезеңде біз бірге белгілі бір күш-жігер жұмсадық және бірінші бірлескен жұмысымыз – 2021-2023 жылдарға қол қойылған Бас келісім. Ол үлкен күшпен жасалды, бірақ біз бірге әр позицияны қорғап, алға қойған мақсаттарымызға жетуде біраз жетістіктерге жеттік», – деп атап өтті Мұрат Мәшкенов.

Бұл ретте ол Қазақстанның ратификацияланған конвенцияларды орындау мәселелеріне тоқталды.

«Мәселе бүгінде Республикалық үшжақты комиссияның ережелері іс жүзінде жұмыс істемей тұрғанында, себебі үшжақты комиссия қабылдаған бұл құжаттың өзі нормативтік құқықтық акт мәртебесіне ие емес», – деп есептейді Қазақстан еңбек конфедерациясының басшысы.

Семинар барысында ACTRAV/ХЕҰ Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Сергеюс Гловацкас Қазақстан Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ аймағында бірнеше кәсіподақ орталықтары бар, кәсіподақ плюрализмі қалыптасқан жалғыз мемлекет екенін атап өтті.

«Осы салауатты бәсекеде шындық туады. Кәсіподақ алаңында барлығына жеткілікті орын бар. Біз сіздерге алаң беріп, тәжірибе алмасуға әрқашан дайынбыз», – деп баса айтты сарапшы.

Сергеюс Гловацкас Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы кәсіподақтарды қолдау аясында атқарып жатқан жұмыстарын еске салды.

Ол Қазақстанның кәсіподақ қозғалысында оң өзгерістер орын алғанын атап өтті.

«Мамыр айында Қазақстанға ХЕҰ Тікелей байланыс миссиясы келді, ол Үкіметпен, Кәсіподақтар федерациясымен, Еңбек конфедерациясымен және басқа кәсіподақ жетекшілерімен, сондай-ақ жұмыс берушілер өкілдерімен – Жұмыс берушілер конфедерациясымен және Атамекен өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Мұнайшылармен де кездесулер өтті. Кездесулердің қорытындысы бойынша Миссия өз қорытындыларын дайындады», – деді ол.

Халықаралық сарапшы ХКК 110-шы сессиясы мен ХЕҰ Әкімшілік кеңесінің отырысының қорытындылары туралы айтты.

Биылғы жылы Қазақстаннан әлеуметтік әріптестердің үшжақты делегациясы қатысқан Конференцияның күн тәртібіне еңбекті қорғау, шәкірт тәрбиелеу, сондай-ақ әлеуметтік-ынтымақтастық экономика мәселелері енгізілді.

Оның айтуынша, 110-шы сессия барысында пандемия дағдарысын еңсеру, ХЕҰ декларацияларын кеңейту мәселелері, сондай-ақ Беларусь, Венгрия, Украина және басқа да елдердің кәсіподақтарының мәселелері талқыланды.

Қазақстанға келетін болсақ, Сергеюс Гловацкас қалыптасып келе жатқан дағдарыстық құбылыстардағы кәсіподақтардың ерекше рөлін атап өтіп, Орталық Азия аймағындағы диалогты дамыту және нығайту қажеттігін атап өтті.

«Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ететін мемлекет. Біраз ілгерілеушілік бар, қарапайым азаматтардың игілігі үшін конституциялық реформа жүргізілуде. ХЕҰ Орталық Азия деңгейінде сіздердің ынтымақтастықтарыңызға ықпал етеді. Сіздерде көптеген жалпы сұрақтар бар. Біз сондай-ақ № 205 ұсыным, № 176 «Шахталардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Конвенция аясында ынтымақтасатын боламыз. Біз өз тарапымыздан олардың алға жылжуына көмектесуге дайынбыз», – деп қосты Сергеюс Гловацкас.

Қатысушыларға «Бірлестіктер бостандығы және ұйымдасу құқығын қорғау туралы» №87 Конвенция бойынша Қазақстандағы жағдай туралы ХЕҰ стандарттарын қолдану жөніндегі Комитеттің қорытындыларын ХЕҰ Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бюросының жұмыскерлер жұмыс жөніндегі аға маманы Гоча Александрия таныстырды.

№87 конвенцияны Қазақстан 2000 жылы ратификациялаған.

Халықаралық сарапшы Гоча Александрия атап өткендей, Комитет Қазақстан Үкіметін елдегі еркін және тәуелсіз жұмыс берушілер ұйымдарының қызметі үшін кез келген кедергілерді жоюға қатысты бірқатар мәселелер бойынша әлеуметтік әріптестермен консультациялар өткізуге, сондай-ақ 2018 жылы әзірленген жол картасын толыққанды жүзеге асыруға шақырғанын атап өтті.

«Комитет Үкіметтен әлеуметтік әріптестермен келісе отырып, осы қорытындылардың барлығын іске асырудың мерзімдері көрсетілген іс-шаралар жоспарын әзірлеуді сұрайды. Сонымен қатар, Комитет 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әлеуметтік әріптестермен консультациялар бойынша Конвенцияның заңда және тәжірибеде қолданылуы туралы ақпарат бар сараптамалық қорытындыны ұсынуға шақырады», – деді Гоча Александрия.

Семинардың бірінші күнінің қорытындысын шығарған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын ілгерілетудегі кәсіподақтардың аса маңызды миссиясын атап өтті. Осы орайда ол кәсіподақ қауымдастығын халықаралық стандарттарды елімізде кеңінен және жаһандық деңгейде қолдануды қарастыруға шақырды.

«Бүгінгі күні Қазақстанда қалыптасқан жағдайды алатын болсақ, қазақстандық капитализмінің демократиялық емес табиғаты қоғамдық байлықты тар рулық иемдену формасы мен қоғамның әлеуметтік формасының дамуының өзектілігі арасында терең қайшылықтарды тудырды және өсірді. Өкінішке қарай, әлеуметтік процестер де бір-бірін толықтырды – әлеуметтік стратификация айтарлықтай деформацияланды. Кедейлер мен байлар арасындағы табыс алшақтығы ұлғайды. Еңбек адамына бетбұрыс жасау керек. Ең алдымен еңбек қатынастарының сапасын арттыру қажет. Жаңа әділетті Қазақстанда әділ экономика қажет. Бүгінгі күні кәсіподақтардың негізгі миссиясы – әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын насихаттау және жұмыскердің мүддесі үшін қоғамдық байлықты бөлуге белсенді қатысу. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін халықаралық стандарттарды қолдану, конвенцияларды ратификациялау және оларды жүзеге асыру қажет», – деп түйіндеді сөзін Сатыбалды Дәулеталин.

Екінші күн стандарттарды ратификациялауға және қолдануға қатысты ХЕҰ қадағалау тетіктерін сараптаумен, сондай-ақ бірлестіктер бостандығы мен ұжымдық келіссөздердің негізгі аспектілерін қарастырумен жалғасты.

ХЕҰ сарапшылары халықаралық еңбек стандарттары туралы ақпаратты, оның ішінде ратификациялау туралы ақпаратты, ХЕҰ қадағалау органдарының ескертулерін біріктіретін NORMLEX ақпараттық жүйесін таныстырды.

Семинар барысында қатысушылар топпен жұмыс жасай отырып, Стандарттарды қолдану жөніндегі комитеттің шешімдерін іске асыруға жәрдемдесу бойынша өз көзқарастарын, сондай-ақ Халықаралық еңбек қйымының жаңа конвенцияларын ратификациялауға жәрдемдесу бойынша ұсыныстарын әзірледі.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы