Ернияз Алибеков «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясында Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының 4-разрядты операторы болып жұмыс істейді.
Ол Қызылорда өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс политехникумын бітіріп, еңбек жолын 1990 жылдары жұмысшы болып бастаған.
Өңірдегі ірі мұнай компаниясында Мұнай дайындау және айдау цехында көп жылдар бойы қызмет атқаратын Ернияз Алибеков өз ісінің білікті маманы екендігін әрдайым көрсетеді, ұжымдастары ортасында беделді азамат ретінде абыройлы болып келеді. Вахталық ауысыммен жұмыстың өзіндік ерекшелігін, зиянды және қауіпті жұмыс орынындағы еңбекті қорғау мәселесінің маңыздылығын жете түсінген мұнайшы әріптестері арасында еңбек қауіпсіздігі тақырыбын жиі талқылайды. Компаниядағы кәсіподақ ұйымының белсендісі ретінде қазірде ол өзі жұмыс істейтін цехтың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңесінде техникалық инспектор болып қоғамдық жұмыс атқарады.