Гүлдерайым Досбергенқызы Қосназарова 1967 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Жосалы станциясында дүниеге келген. Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын “Кітапхана және кітапханатану мамандығы” бойынша бітіріп, еңбек жолын 1990 жылы Қармақшы аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы болып бастаған. Қазіргі таңда Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында негізгі қорларды сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Кітапхана саласында 32 жыл еңбек етіп келеді.
Гүлдерайым Косназарова облыстағы кітапхана ісінің дамуына үлес қосып, өзін кітапханатану және библиография мәселелерін жетік меңгерген білікті маман ретінде танытып келеді. Кітап қорының, оның ішінде сирек және құнды құжаттардың сақталымын қамтамасыз ету, оларды цифрлау бағытында жұмыс жасайды. Кітапхана пайдаланушыларының сұраныстарын қанағаттандыруда қызмет көрсетудің жаңа инновациялық түрлерін пайдаланып келеді. Кітап пен оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік шараларға және ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатысады.
2020 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және де кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі үшін Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаттарымен марапатталған.