Спорт жарыстары ұйымдастырылды

Оңтүстік Қазақстан облысында Кәсіподақтар мерекесіне арналған мерекелер 9 маусым күні жалғасын тапты. Төле би аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызмерлері арасында 10 маусым – Қазақстан кəсіподақтары күніне арнап өткізген спорттық іс -шарасы өтті. Баскетбол, волейбол, дойбы мен шахматтан қызметкерлер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеме басшысы Қайрат Муздыбаев басшылық жасап, жеңімпаздарды сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапаттады. Мерекеге 90 адам катысты.