Қостанайда қоғамдық қабылдау кеңес береді

«Қостанай облысы кәсіподақ орталығы» АКБ қоғамдық қабылдауына А. есімді азамат «Қызметкер жұмыстан босатылмай ақылы еңбек демалысында қанша уақыт бола алады?» деген сұрақпен жүгінді. Қызметкер 2022 жылдың қаңтарынан бастап ауырып жатыр.

Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті (ҚР Еңбек кодексінің 133-бабы 1-т.).
ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес жұмыскермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскер жүктілігіне және босануға байланысты демалыста болған, сондай-ақ егер ауру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1033 бұйрығымен бекітілген. Қазіргі таңда бұл тізімге 434 ауру түрі кіреді.

Қызметкердің диагнозын нақтылау және екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулардың тізбесінде бар болуын тексеру ұсынылады.