Қарағанды облысының кәсіподақтары құқықтық мәдениетті арттыруда

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы аясында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы өкілдерінің Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның Қарағанды облыстық филиалының директоры Юрий Гусаковпен кездесуі өтті.


Кәсіподақтар үйінде өткен кездесу барысында Юрий Гусаков кәсіподақ жетекшілеріне практикалық жұмыста қолдану үшін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстандағы ұжымдық еңбек дауларын шешу жөніндегі нұсқаулық» (авторы – Қуат Рахымбердин, заң ғылымдарының докторы) әдістемелік құралдарының 40 данасын табыс етті. Бұл нұсқаулық ұжымдық және еңбек даулары деген не және олардың алдын-алу және шешу алгоритмі қандай екендігі туралы жүйелі және жеткілікті толық түсінікке арналған.

Әдістемелік құралдарды алғашқылардың бірі болып Қарағанды облысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілері Жергілікті кәсіподағының төрайымы Татьяна Пурясева, көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Қарағанды аумақтық Кеңесінің көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы Абай Сабденов, Қарағанды энергетикалық компаниялар тобы жұмыскерлерінің Жергілікті кәсіподағының төрайымы Татьяна Мирхайдарова, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев алды.

Қарағанды облысының кәсіподақ ұйымдары өкілдері құқықтық мәдениетті арттыруға, еңбек қатынастарын құқықтық реттеуді түсіндіруге және азаматтардың әлеуметтік-пайдалы белсенділігін ынталандыруға, олардың еңбек адамына лайықты еңбек жағдайларына ұмтылуына әдістемелік көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.