Кәсіподақтар кәсіпкерлік палатасының ұжымымен кездесті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, бас маман Ерлан Жандарбеков, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Есебаева жұмыс сапарымен Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына арнайы барды.


Іс-сапардың басты мақсаты кәсіподақтардың жұмысын жандандыру аясында аудандағы кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру болып табылады.
Өз кезегінде сөз сөйлеген «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев «Кәсіподақтар федерациясы тарапынан лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Осы орайда бүгінде Кәсіподақтар федерациясы ұжымдық шарттарда әр жұмысшының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақталуын басты назарда ұстайды», – деді.

Сонымен қатар, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» және «Заң клиникасы»-ның жұмысына тоқталып, қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді. Осынау шаралар кәсіподақ мүшелері үшін қолға алынғанын айта отырып, ұжым өкілдерін кәсіподақ мүшелігіне өтуге шақырды.

Сонымен қатар жиын соңында қатысушылар өздерінің көкейіндегі сауалдарын қойып, пікір алмасты.