Кәсіподақ өкілдері «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысты

Павлодар облысының Жастар бастамаларын дамыту орталығында азаматтардың барлық санаттары үшін «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті, оған қаланың 40-қа жуық кәсіпорны қатысты.


Бос орындар жәрмеңкесі жұмыс берушілер мен әлеуетті жұмысшылардың өзара әрекеттесуінің кең таралған тәсілдерінің бірі болып табылады.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде бейресми жұмыспен қамтудың алдын алу және еңбек қатынастарын заңдастыру мақсатында «Еңбек шартын жасаңыздар!» ақпараттық-түсіндіру акциясын өткізді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысушылар еңбек заңнамасы мәселелері бойынша, еңбек шартын жасасу қажеттілігі туралы, оның мазмұны бойынша, оны ресімдеу және сақтау тәртібі туралы, қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері туралы, жалақы төлеу бойынша, демалыс беру және әлеуметтік кепілдіктер алу туралы түсініктемелер алды.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушылар бұзылған еңбек құқықтарын қорғау рәсімін білуі үшін жәрмеңкеге қатысушыларға Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефондары көрсетілген еңбек шартын жасасу тәртібі туралы ақпараттық парақшалар және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының өтеусіз құқықтық және татуластыру қызметтерінің спектрін алу мүмкіндігі туралы парақшалары табыс етілді.