«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Кулдар Есебаева аудандағы кәсіподақ қозғалысын дамыту және кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру мақсатында жұмыс сапарымен Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Аққұм ауыл округіне арнайы барды.
Кездесуде «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев сөз алып, «Кәсіподақтардың негізгі мақсаты жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайларының жасалуына, олардың лайықты жалақымен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтылуына ықпал жасау. Сонымен қатар, кәсіподақтар таңдаған лайықты еңбек, лайықты өмір және әлеуметтік әділеттілік үшін күрес жолын жалғастыру болып табылады» – деді.
Бұдан бөлек төраға орынбасары еңбеккерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын қорғау мақсатында, аумақтық кәсіподақ бірлестігінің ғимаратында Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен «Заң клиникасы» мен «Татуласу орталығы» құрылып, кәсіподақ мүшелеріне тегін қызмет көрсетуде. Ондағы мақсат азаматтардың еңбек қатынастары даулары мен түрлі әлеуметтік мәселелерін медиация жолымен сотқа жеткізбей шешу екендігін айтып өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында 2022 жыл “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жариялануына байланысты Кәсіподақтар федерациясы тарапынан лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің құқығын қорғауда бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде сөз етіліп, ұжым қызметкерлерімен кәсіподақ мүшелігіне өту мәселесі талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.