Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының бастауыш кәсіподақ ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті.
Іс-шараға «Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ерлан Жандарбеков, Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мадина Бурумбаева және кәсіподақ активі қатысты.
Семинарда өз кезегінде сөз алған Айдар Бахтыбаев еңбек қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып, кітапхана ұжымына еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау шаралары жайлы түсіндірме жасап, еңбекті қорғау және еңбек мәдениетін көтеруде кәсіподақтар жұмысының әлеуметтік әріптестермен біріге жұмыс жасауы маңыздылығына тоқталды.
Бұдан бөлек еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын сақтау, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары еңбек құқықтарын қорғау мәселесінде «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған «Татуластыру орталығы» және «Заң клиникасы»-ның жұмысына тоқталып, қандай да бір мәселе төңірегінде заңгерлердің көмегіне жүгініп, тегін құқықтық кеңес алуға болатынын жеткізді. Осынау шаралар кәсіподақ мүшелері үшін қолға алынғанын айтып өтті.
Семинар-тренинг соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тиісті жауаптар берілді.