«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев, «Түркістан облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымында кездесу өткізді.
Кездесуде Айдар Бахтыбаев қатысушыларға еліміздің барлық аймақтарында өткізіліп жатқан мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.
Сондай-ақ әлеуметтік әріптестер ҚР Кәсіподақтар федерациясымен жарияланған «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында бірлесіп атқарылатын қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Жиын соңында кәсіподақ мүшелерінің сұрақтары тыңдалып, оларға тиісті жауаптар берілді.
Айта кетейік, аталмыш ұжымда бүгінде 67 қызметкер жұмыс атқарады. Барлығы – кәсіподақ мүшелері.