Қарқынды техникалық даму мен прогресс әлемінде жүргізуші мамандығы жиі сұранысқа ие болып, оның беделі артып келеді. Бүгінгі таңда жүргізушілер қажет емес бірде-бір өмір саласы жоқ.
Қадырли Сәлімжанұлы Өтегенов 2012 жылдың ақпан айынан бастап “Қостанай минералдары” АҚ-да ЗИЛ-130 а/м жүргізушісі ретінде еңбек жолын бастады. Ал 2021 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін Renault Duster а/м жүргізушісі болып жұмыс істейді.
Жұмыс барысында ол өзін еңбекқор, адал, ұқыпты және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Қадырли Сәлімжанұлы өзінің көп жылғы еңбегі үшін кәсіпорынның мақтау қағаздарымен марапатталған.
“Мен осы мамандықты таңдағаныма өте қуаныштымын”, – дейді Қадырли Сәлімжанұлы. – Маған барлығы қызық-техниканың құрылысы да, жүргізу де, дегенмен жүргізушінің жұмысы оңай емес. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, көліктің жағдайын түсінемін. Бірақ бұл тәжірибемен келеді”.
Қадырли Сәлімжанұлы жүргізуші мамандығы шыдамдылықты, жолдағы күтпеген жағдайларға тез бейімделуді талап етеді деп санайды. Жүргізушінің еңбегі оңай емес және өте жауапты.