Мазмұнды да қажетті семинар ұйымдастырылды

4 маусым – Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында Жамбылдық жастарға арналған семинар өтті. Кәсіподақтар күні – бұл белсенді азаматтық ұстанымы бар, ынталы, өз жұмысымен кәсіподақтар тарихын жасайтын, әлеуметтік әріптестікті дамытуға үлес қосатын адамдардың күні. Мереке қарсаңында аталған семинарды Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымы ұйымдастырды.
Семинар жұмысшы жастардың әлеуметтік, мәдени дамуына, жастарға тәрбие мен білім беру, кәсіподақ жұмысына жаңа формалар мен тәсілдер енгізу, қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыру, жастардың әлеуетін кәсіподақ ұйымдары және оның мүшелері үшін пайдалануға жәрдем ету мәселесін сөз етумен мазмұнды болды. Салалық кәсіподақтың заңгерлері өз сөздерінде еңбек етуші жастардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау бойынша шаралар облыстық кәсіподақ ұйымының жастар саясатының негізгі міндеттері болып анықталғанын, олар біздің даму жоспарымызда, салалық облыстық, аудандық келісімдер және ұжымдық шарттарда қарастырылғанын баса айтты.
Мұндай мазмұнды да қажетті семинарлар кәсіподақтың жас өкілдерімен алдағы уақытта да тұрақты түрде өтетін болады.