Үйлестіру кеңесінің мүшелері бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды

«Алматы облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, салалық кәсіподақ филиалдары және жергілікті кәсіподақ төрағалары қатысты.


Үйлестіру кеңесінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесу, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, мүшелік санды арттыру, «Парыз», «Еңбек жолы», «2022 жылғы үздік ұжымдық шарт» байқауларына қатысу, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру, «Заң клиникасы» жұмысын жандандыру, бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы еңбектегі азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, Ұжымдық шарттарды қайта қарау мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Алматы облыстық филиалының және ҚР Қарулы Күштері қызметкерлерінің Алматы аймағы бойынша филиалдары басшыларының ақпараттары тыңдалды.