Еңбек адамы: Салтакова Ләззат Қасымбайқызы

Салтакова Ләззат Қасымбайқызы  1972 жылы 10 ақпан күні Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келді. 1979-1989 жылдары Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте оқыды. 1989 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Панфилов педагогикалық училищесіне түсіп, 1991 жылы бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты, 1995-2001 жылдары Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі бойынша ЖОО бітірді.

Еңбек жолын 1991-1995 оқу жылдары аралығында өзі оқыған Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.

1995-2008 оқу жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасады.

2008-2014 оқу жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы №25 орта мектебінде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2014-2018 оқу жылдары Талдықорған қаласындағы №14 орта мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2018-2022 оқу жылынан бастап Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасауда.

Ләззат Қасымбайқызы – жоғары білімді, педагог-зерттеуші, тәлімгер, педагогикалық өтілі 31 жыл.

Ләззат Қасымбайқызы – парасатты, терең білімді, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын жаңашыл, іздемпаздықпен жұмыс істеп келе жатқан ұйымдастырғыш қабілеті жоғары, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін ұстаз.

Мұғалімнің жетістіктері: «Қазақстан республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгі 2013 жылы, Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» 2010 жылы, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»төсбелгі 2022 жылы, Талдықорған қаласының әкімі Жоғарғы біліктілігі мен кәсіби шеберлігі, еліміздің болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған табысты еңбегі үшін «Алғыс хат» 2020 жылы, Алматы облысы білім басқармасының «Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мадақтама» 2021 жылы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, өмір жолында ұстаздықты мұрат етіп, шәкірт тәрбиелеп, оларға білім мен біліктіліктің сан қырын меңгертіп, жас ұрпақты саналы етіп, баулуған игілікті еңбегі үшін «Алғыс хат» 2019 жылы, ҚР БЖҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Жас зерттеуші-ғылым болашағы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-жобасына жетекшілік жасағы үшін «Алғыс хат».

Әрбір сабағын сапалы өтуіне мүмкіндік туғыза алатын, оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдердің молдығымен, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленетін Ләззат Қасымбайқызының ҚР БЖҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған виртуалды білім беру бағытының аясында 2020-2021 оқу жылы бойында «Еліміздің үздік педагогтары» эстафетасына белсене қатысып, тәжірибесімен бөліскені үшін Құрмет грамотамен марапатталды.

2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында өткізілген «Латын әліпбиін білім беру жүйесіне енгізудің эксперименттік тәжірибелер» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумда өз тәжірибесімен бөлісіп, жоғары деңгейде танытқаны үшін «Құрмет грамотаға» ие болды.

«Тәуелсіздік Қазақстанның жеке тұлғасын тәрбиелеу-білім алушының рухани дамуының тетігі» 2021жылы, «Рухани жаңғыру-заманауи білім беру үрдісінің сындарлы бағыты» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 2020 жылы. «Ғылыми жоба үлгілері» 2021 жылы, «Сабақты зерттеу –кәсіби шеберлікті шыңдау жолы» әдістемелік жинақтарда үлгілі сабақтары мен баяндамалары жарияланды.

Жаңа дәуір мұғалімі Ләззат Қасымбайқызы – білімділігімен, еңбексүгіштігімен, ізденгіштігімен әріптестерінің арасында сыйлы, ата-аналар алдында беделі жоғары ұстаз.