«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Кеңесте «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тапсырмаларына сай алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары туралы талқылап, оны орындау мақсатында кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.
Бұдан бөлек кеңесте «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізу мәселесі қаралды. Осы акцияны қолдау мақсатында бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралау жоспарын бекіту туралы ақпараты тыңдалып, өз кезегінде кеңес мүшелері бұл ұсынысты толық қолдап, бірауыздан мақұлдады.