Абдуллин Рамиль Хакімұлы 17 қаңтар 1971 жылы Алматы облысы, Ескелді ауданы, Бақтыбай ауылында дүниеге келген. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде білім алған.
Абдуллин Рамиль Хакімұлы 2000 жылдан бері Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектептің, Ескелді аудандық филиалдың қауіпсіздік мен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы болып қызмет атқарады. Кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастары бойынша құқықтары мен мүддесін қорғауға өзіндік еңбегін сіңірді. Техникалық инспекторының іс номенклатурасы бойынша құжаттарын жүргізіп отырады. Ұжымдық шарттың орындалуын әр уақытта зер қойып қадағалауда. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау жағдайын ішкі бақылауды құру және тиімді арттыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзушылықтарын анықтау бойынша шараларды қамтып отырады. Р.Абдуллин еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауда белсенділік танытып, кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлесін қосып келеді. Еңбек адамының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жинаған тәжірибесін аудандық, қалалық кәсіподақ филиалдарындағы әріптестермен бөлісуде.
Білім және ғылым қызметкерлері Ескелді аудандық кәсіподақ комитетінің (2015 ж.), Талдықорған аумақтық ұйымының (2018 ж.), Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен (2018 ж.) және «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2021 ж.) марапатталған.