Салалық кәсіподақ білім күнімен құттықтады

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы Білім күні мерекесіне орай өз қызметкерлерінің 1-ші сыныпқа баратын балаларына сыйлық тарту етті.

Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен балалары алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған қызметкерлер үшін тосын сый болды.

Балаларды департамент басшысы, әлеуметтік әріптес Жолдасқали Беисов құттықтап, олардың алғашқы қадамдарына сәттілік тілеп, мектепке қажетті оқу құралдарын сыйлады.