Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Қарашолақов: “Жамбыл облысының еңбеккер халқы, соның ішінде кәсіподақ өкілдері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көтерген мәселелерді және оларды шешу бойынша айқындалған нақты бағыттарды толық қолдайтындарын жеткізіп отыр.Жолдауда көрсетілген негізгі бес бағдар – еліміздің алдағы уақытта қарқынды дамуының басты локомотивтері болуы тиіс.
Жамбыл өңірінде бүгінгі таңда жарты миллионнан астам жалдамалы жұмыс күші болса, соның 120 мыңнан астамы кәсіподақ өкілдері. Кәсіподақ ұйымдарының әу бастан басты мақсаты – еңбек адамының жай-күйі мен әл-аухатын жақсартуға ықпал ету, мүддесін қорғап, күйін күйіттеу. Осы жолғы Жолдауда Президент «ең бастысы – адал еңбек» деп атап өтіп, «еңбеккор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс» деді. Бұл – еңбек құндылықтарының және оны жасаушы еңбек адамының мәртебесі биік болуы тиіс деген сөз деп білеміз.
Осы тұста Жолдауда айтылған халықты әлеуметтік қолдау шаралары көпшіліктің көңілінен шығып отыр десек артық айтқандай болмайды. Яғни, еңбек адамының ең өткір мәселелері – ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру, әйел азаматтардың зейнетке шығу жасын көтеруді шектеу, бала күтімі үшін төленетін төлемақыны 1,5 жасқа дейін ұзарту, 18 жасқа дейін балалардың арнайы шотына білім және баспана алуға қаражат аудару сияқты игі бастамалар көпшілік көптен күткен қолдау еді. Бұл орайда кәсіподақ өкілдері осы Жолдаудың нақты жүзеге асуына бір кісідей атсалысып, барынша қолдау көрсетуге дайын.
Бүгінде кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бекітілген кестеге сәйкес облыстық ақпараттық топтың құрамында кәсіпорындар мен ұйымдардың ірі еңбек ұжымдарында Жолдауды түсіндіру жұмыстарына кірісіп те кетті.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, ел тағдырының ертеңіне бей-жай қарамау, азаматтық ұстаным білдіріп, болашаққа сеніммен қарау – әрқайсымыздың парызымыз деп білеміз”