Ағымдағы жылдың 8 маусымында Қазақстан Кәсіподақтары және 23 маусым ҚР Мемлекеттік қызметші күні мерекелеріне орай мемлекеттік қызметшілердің салалық кәсіподағымен өткізілген шарада алдын-ала жарияланған “Үздік аудандық кәсіподақ комитеті” номинациясын Мұғалжар аудандық кәсіподақ комитеті иеленді.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Төлеулі Жұмағазыұлы Махимов 20 жылға таяу аудандық салалық кәсіподақ комитетін басқарып келеді, салалық кәсіподақтың Орталық комитеті Президиумының мүшесі.
Салалық кәсіподақтың аудандағы бастауыш ұйымдарының басын біріктіріп, кәсіподақ ұйымының рөлі мен беделін арттыруға қосқан қомақты үлесі үшін аудандық комитет алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.