Еңбек адамы – Кутушева Жанат Қайыпқызы

Кутушева Жанат Қайыпқызы 1964 жылы 2 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының Жылға станциясында дүниеге келген.

1982-1984 жылдары Талдықорған заң техникумын, 2006-2008 жылдары Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын сырттай бітіріп, заңгер мамандығын алды.

Еңбек жолы: 1984-1985 жылдары Қаратал аудандық орындаушы комитетінде іс жүргізуші.

1988-1996 жылдары Қаратал жеке құрам бойынша архивінде 2 санаттағы архивші болып, кейіннен 1997-2001 жылдары Қаратал аудандық архивінде 1санаттағы архивші болып ауыстырылған.

2002-2008 жылдары Қаратал аудандық архивіне жетекші маман болып қызмет істеген.

2009 жылдың 5 қаңтарынан бастап филиал директоры қызметін атқарып келеді.

Архив саласындағы еңбек өтілі: 32 жыл 3-ай.

Марапаттары: Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыс әкімінің Құрмет грамотасы; 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне «Нұр Отан» партиясының Алғыс хаты; «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ атынан «Ұзақ мерзімді еңбек!» 30 жыл Мадақтамасы; ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің Құрмет грамотасы; Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі; ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі «Архив саласының үздігі» төсбелгісі;

Көп жылғы тәжірибесімен жоғары кәсіби маман екендігін көрсете білді. Өзінің міндеттерін, берілген тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындайды. Еңбек тәртібін қатаң сақтайды, өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды, ісіне адал.

Адамдармен, қызмет алушылармен қарым-қатынаста сыпайы, мінезі ашық. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген.