2022 жылғы 28 қыркүйекте Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында ірі құрылыс кәсіпорындарының бірінің бұрынғы бес жұмыскерін қабылдау жалғастырылды, олар үш ай жұмыс істеп, жалақы алмаған, еңбек шарты бұзылған кезде пайдаланылмаған демалысы үшін ақшалай өтемақы алмаған, кәсіпорын бухгалтериясы жұмыскерлерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармаған.
Татуластыру орталығындағы екінші кездесу өтініш берушілердің, ЖШС басшысы мен бухгалтерінің, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Павлодар облыстық филиалы өкілінің қатысуымен өтті.
Кездесудің мақсаты – татуластыру келіссөздерін жүргізу, жалақы бойынша берешек сомасын, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленбеген ақшалай өтемақы сомасын, жұмыс беруші жүгінген әрбір қызметкер бойынша аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының сомасын анықтау.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д. Н.Айтжанова және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М. А. Иванова еңбек дауының тараптарына дауды сотқа дейін бейбіт жолмен шешу үшін медиация жүргізу туралы шарт жасасу және Медиация туралы келісім жасасу мүмкіндігі туралы түсіндірді.
Екінші қабылдау аясында қызметкерлер ЖШС келісім комиссиясына жүгінуге шешім қабылдады.
Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында өтініш білдірген бес адамға келісім комиссиясына өтініш ресімдеу бойынша құқықтық көмек көрсетілді.