Жылы да ынтымақтастық жағдайда шай үстелі төңірегінде Қарағанды облысының кәсіподақ Орталығының бастауыш ардагерлер ұйымы мүшелерінің кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесудің басында биылғы жылы өмірден озған жарқын адам – кәсіподақ қозғалысының ардагері Мария Вабищевичті еске алу мақсатында ол туралы естелік жылы сөздер айтылды. Мария Адамовна және оның жасаған игі істері кәсіподақтың әрбір ардагеріне көңіл бөле отырып, бірге жұмыс істегендердің жүрегінде қалады.
Бастауыш ардагерлер ұйымының қызметін одан әрі жалғастыру мақсатында, зейнеткерлер: еңбек ардагерлері және тыл еңбеккерлерінің бірауыздан қабылданған шешімімен Галина Михайловна Распаркина жаңа төрайымы болып сайланды.
Галина Михайловна 1986 жылдан 2003 жылға дейін коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар қызметкерлері кәсіподағының Республикалық комитетінің төрайымы, содан кейін 2018 жылға дейін-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің Қарағанды өңірлік кәсіподағының төрайымы болды. Өз қызметі барысында еңбек адамының мүдделерін белсенді қорғады, өзінің кәсібилігімен әріптестері мен кәсіподақ мүшелері арасында үлкен бедел мен құрметке ие болды.
Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары – Мұхтар Тінікеев және Қарағанды облысы кәсіподақтар Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков өздерінің аға әріптестеріне зор денсаулық, белсенді де ұзақ ғұмыр тіледі.

Қалыптасқан игі дәстүр бойынша кәсіподақ басшылығы ардагерлерге алғыс ретінде, қазақстандықтардың жас ұрпағын тәрбиелеу ісіндегі белсенді жұмыстары үшін,сондай – ақ 10 қазан – Қазақстан кәсіподақтары күнін мерекелеуге байланысты 2023 жылға арналған «Qazaqstan Kasipodagy» республикалық кәсіподақ газетіне жазылуға арналған сертификаттар табыс етілді, сондай-ақ аға буын өкілдеріне жыл сайынғы материалдық көмек көрсетілді.
Кездесуге қатысушылар кәсіподақтар Федерациясының атына кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне деген қамқорлығы мен үнемі көңіл бөлгендері ыстық ілтипаттарын білдіріп, Қарағанды облысының қоғамдық өміріне одан әрі қатысуға дайын екендіктерін айтты.
