Айгүл Бейсебекова 1962 жылы 20 мамырда Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген.
1969 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1979 жылы аяқтады. 1980 жылы Шымкенттің сүт заводының балмұздақ цехында еңбек жолын бастаған. 1982 жылы Шымкенттің Қаракөл институтында слесарь, 1983 жылы Шымкент облыстық кітапханасында кітаптарды жинақтаушы, 1988 жылы Ақсу аудандық кітапханасында кітап қорын өңдеу толықтыру бөлімінің меңгерушісі, 2002 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы мектеп гимназиясының кітапханашысы, 2013 жылы С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында кітаптарды өңдеу толықтыру бөлімінде кітапханашы, 2015 жылы Ақсу аудандық, Қызылағаш ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы, 2021 жылы Ақсу аудандық орталық кітапханасының бибилиографы болып қызмет атқарып келеді. 1988 жылы Аль-Фараби атындағы Шымкент педагока мәдениет ағарту институтын бітірген.
Жергілікті басқару органдарының алғыс хаттары, құрмет грамотасымен, «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен, «Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалімен марапатталған.