Камаш Ахметханқызы Ермырзаева 1962 жылы 9 тамызда Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Г.М. Безродных атындағы орта мектептің 1-ші сыныбына барып, 1979 жылы 10-шы сыныпта аяқтаған. 1980 жылы Сарқан қаласындағы Мәдени-ағарту училищесіне түсіп, 1983 жылы кітапханашы мамандығын алып шыққан. Алғашқы еңбек жолын Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық кітапханасынан бастаған. 1993 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Көктұма ауылдық кітапханасында кітапханашы болып еңбек етеді.
Кітапхана ісін дамыту жөніндегі ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін:
– 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылына және Алакөл аудандық кітапхананың 75 жылдығына арналған байқаудағы көрсеткен зор үлесі үшін Алакөл аудандық кітапханасының Құрмет грамотасымен;
– 2002 жылы Кітапхана ісінде жемісті еңбегімен көзге түсіп, кітапханашылар арасындағы аудандық сайыста өз өнерін, білімділігін көрсеткені үшін «Үздік кітапханашы-2002» Атағы;
– 2007 жылы Аудандық байқауда «Жыл кітапханашысы-2007», 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің кітапханалық идеясы -2011», 2018 жылы Мәдениет және өнер қызметкерлер күніне орай, облысымыздың кітапхана ісінің дамытуға қосқан үлесі мен атқарған қызметі үшін С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханысының Алғыс хаттарымен;
– 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің ардагері», 2022 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.
Камаш Ахметханқызы қызметтегі жылдарын абыроймен атқара жүріп ауыл мәдениетін дамытуға, кітапхана ісінің алға басуына мінсіз еңбек етті.