Қарағандылық кәсіподақтар ҚРКФ Халықтық коалицияға кіруі туралы шешімін қолдады

Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының Үйлестіру кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Атқару комитетінің Кәсіподақтар федерациясының Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға кіруі туралы шешімін қолдады.

Бұған дейін, 2022 жылғы 10 қазанда «Бірлік. Әділдік. Даму» Форумында кәсіподақ жетекшілері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ел Президенті лауазымына кандидатурасы қазіргі заманғы сын-қатерлер мен талаптарға, кәсіподақ үмітіне аса лайықты жауап беретінін атап өткен Қарар қабылдады.

Қарағанды облысы Кәсіподақ Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков ағымдағы жылдың 5 қазанында Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде жұртшылықпен кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси ерік білдіріп, алғаш рет зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің зейнеткерлік жасын төмендету туралы, регрессия кеншілерінің ұзаққа созылған мәселесі туралы және тау-кен металлургия саласының қызметкерлері үшін жеңілдікті ипотека бағдарламасын қолдау туралы сөз сөйлегенін атап өтті.

Мемлекет басшысы халықтың табысын арттырудың айрықша мүмкіндігін атап өтіп, бұл мәселені Үкіметтің бақылауында ұстауды тапсырды, шикізатқа қолайлы баға конъюнктурасын ескере отырып, өнеркәсіп кәсіпорындарының иелері еңбекақы төлеу қорын арттыру үшін мүмкіндіктер таба алатынына сенім білдірді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынуға «SЕNIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің, теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің, білім және ғылым қызметкерлерінің, кооперация және кәсіпкерлік қызметкерлерінің, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің және Қарағанды облысының «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлерінің облыстық филиалдарының басшылары: Ноян Бидайбаев, Яхия Алмусин, Алмагүл Ракишева, Вера Бородина, Дархан Джузбаев, Татьяна Шатохина қолдау көрсетті.

Кездесу соңында Болат Жұмабеков еліміздің Ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасы күнімен құттықтап, зор денсаулық, амандық және бейбітшілік тіледі.