Кәсіподақ жастары «Қыран елім – Қазақстаным!» қайырымдылық концертін өткізді

«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» Жастар кеңесі мен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері Талдықорған қаласындағы «Өмірлік қиын жағдайға түскен тұлғаларға арналған уақытша бейімдеу орталығына» барып, 25-қазан Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» тақырыбында қайырымдылық концертін өткізді. Белсенді жастар ән айтып, би билеп қарттарға керемет көңіл күй сыйлады.


Аталған шараның негізгі мақсаты – жастарды мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге, ғибрат алуға тәрбиелеу, қарттарға көмек көрсету, қайырымдылық іс жасау сынды іс-әрекеттері арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту.