Кәсіподақтар алаңында еңбеккер әйелдердің мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының мүшелерімен кездесті.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелерімен кездесті.

«Шай үстінде» еңбек саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді, сондай-ақ еңбек ұжымдарындағы әйелдердің құқықтарын талқылады. Кездесу, ең алдымен, еңбекші әйелдерге лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және олардың елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыруға бағытталған пікірлер мен ұсыныстар алмасумен жылы достық атмосферада өтті.

Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері тау-кен металлургия саласындағы кәсіпорындардағы әйелдердің жұмысы туралы, еңбекті қорғауды сақтау туралы, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кәсіпорындардың ұжымдық шартына енгізілген өзгерістер, жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер туралы бөлісті.