Шымкентте мерекелік іс-шарада патриоттық әндер шырқалды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымында «25 қазан – Республика күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара мемлекеттік гимнмен ашылып, орталықтың оқушыларының би өнері қойылып, ұстаздардан құралған өнер тобының хорымен патриоттық әндер шырқалды.

Аталған мерекелік іс-шарада «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы орталықтың қызметкерлері мен ұстаздарын «Республика күнімен» және «Әлеуметтік қызметкерлер күнімен» құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелеріне кітаптар сыйлап, филиалдың наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» орталықтың дефектолог мұғалімі Алтыбаева Күлдариха Шәкірқызы, орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Оспанова Рабиға Рахматұллақызы және Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Алғыс хатымен» орталықтың палаталық санитары Дүйсенбаева Палзия Әмірбекқызы, орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Наримбай Ерхан Төребекұлы марапатталды.